Түрмедегі “Абай оқулары”

0
159

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және
ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап РУ-170/2 мекемесінде
жазасын өтеушілер арасында Абай оқулары өткізілді.
«Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды
деген кісінің тілін кесер едім» деген данышпан ақын. Түрмеде отырған адамдар
арасында жаңылыс басып, өз ісіне өкінетіндер де бар.

Сөз өнерін түсініп бір адамдай оқитындар табылады. Өткізіп отырған мәдени іс-шараға өнерлі деген сегіз жазасын өтеуші қатысып, бақ сынаған. Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бөкенбай Кәкімов: «Алдымен Абайдың туындыларынан кітап көрмесі ұсынылып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы
туралы түсірілімдер көрсетілді. Байқау үш кезеңнен өтті. Сайысқа қатысушыларға Абайдың туындылары мен өмірінен сауалдар қойылып, орындаушылық
шеберліктері сыналып, жанр әртүрлігі қаперге алынған. Абай оқуларына қатысушылардың өнерін саралаған қазылар алқасының мүшелері, байқау соңында
өнерпаздарға арнайы диплом табыстады. Сайысты ұйымдастырудағы басты
мақсат – сотталғандар арасында Абай мұрасын оқып-үйрену, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерумен бірге, қазақ мәдениеті мен әдебиетін кеңінен насихаттау еді», – дейді.

 

Зүбайра Тілегенқызы

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.