🏕 Асар – қазақтың ежелгі дәстүрі, оның басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған жақынына көмектесу.
👍👍Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бұл игі дәстүрді жамбылдықтар қайта жаңғыртып, мұқтаж отбасыларға арнап үйлер салып беруде.
👏Осы орайда, Жамбыл өңірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Сарысу аудандық әкімдігінің бастамасымен және ауылдағы азаматтардың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынды.
♦️ Тәуелсіздік мерекесіне орай Сарысуда үш бірдей асарлатқан үй беріліп, көптің алғысына кенелді.
🛑 Соның бірі күні кеше Жайылма ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен және ауыл кәсіпкерлері мен Абажановтар әулиетінің демеушілігімен Жайылма ауылындағы Асанәлі Әшімов көшесі 10 үй Абажанова Айгүлге салтанатты түрде пайдалануға берілді.
👏 Қазақтың асар дәстүрін жаңғыртып, облыс көлемінде сүйіншілетуге үлес қосқан облыс басшысы Бердібек Сапарбаевқа және көмектескен барша ауылдастарға алғысын білдірген ана, ел жұрттың амандығын тілейді.