ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тұрғындарды қамту жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен кезекті өңірлік штаб отырысында айтылды.
Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы, денсаулық сақтау басқармасы, Мемлекеттік кірістер департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, медициналық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлік және білім басқармасының қызметкерлері мен онлайн байланыс арқылы аудан, қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары қатысты.
Жиын барысында Түркістан облысы бойынша МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамту шаралары туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директоры Нұрлан Қыдырбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, өңірде медициналық ұйымдарға 2 052 508 азамат тіркелген. Ал, ГБДФЛ ақпараттық жүйесінен сәуір айындағы жүктелген мәліметтерге сәйкес, МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны – 1 млн 650 мыңға жуық (80%), сақтандырылмағандар 400 мыңнан астам (20%) адамды құрады.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жүйелі жұмыстардың нәтижесінде сақтандырылмағандардың ішінде 45196 азамат жұмыспен қамтылды.
Қор филиалы тарапынан 20 мыңға жуық адаммен сауалнама алынып, МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Тізімге талдау жүргізу барысында республиканың басқа аймағына және шет елдерге қоныс аударған мәртебесі нақтыланды. Бұдан бөлек, тұрғылықты мекенжайы бойынша тұрмайтын, жүйеге қатысқысы келмейтін, медициналық көмекті ақылы алып жүрген, үй шаруасындағы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жұмыссыз және жалдамалы жұмысшылар, шет елде оқитын студенттер мен шет елден зейнетақы алатын зейнеткерлер анықталды.
Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға арнайы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және анықтау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2 миллионнан астам халық бар. Соның ішінде азаматтардың 80 пайыздан астамы МӘМС жүйесіне сақтандырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1282
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1657
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1663
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1657
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1666
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1446

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12513
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11418
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14655
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13605
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18623