ҰБТ-ға қатыспаған және шектік деңгейге жете алмаған жастарға қолдау көрсетіп, өмірден өз орнын табу үшін жөн сілтеу мақсатында былтыр «Нұр Отан» партиясы Елбасының тапсырмасымен «Сәтті қадам» жобасын қолға алған бастама өз жалғасын таппақ. «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Сәтті қадам» партиялық жобасының үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы мен Білім және ғылым минстрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Дін істері және азаматтық қоғам министрліктері арасында жаңартылған төртжақты меморандумға қол қойылды. Жобаның маңызы жөнінде айтқан Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Елбасымыздың тапсырмасын орындау үш үлкен мәселенің түйінін шешуге мүмкіндік береді: мектеп бітірген жастар мемлекеттің қамқорлығын сезініп, бірден жұмыспен қамтылады; мамандық игереді және жаңадан ашылған кәсіпорындар жұмыс күшімен қамтамасыз етіледі. Бірде-бір мектеп бітіруші біздің назарымыздан тыс қалмауы керек. Бұл қоғамға да, мемлекетке де өте пайдалы іс», – деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз