“Ресейдің қазақстандық әскерлерді Сирияға аттандыру жайлы ұсынысын қарастыра отырып, осыған дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми түсінік бергенін хабарлаймыз. Қорғаныс министрлігі ҚР СІМ өкілдері айтқан ресми мәлімдемедегі позицияны ұстанады», — деп хабарлады Әділбек Албергенов. 23 маусымда Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов «Қазақстан Сирияға өздерінің әскерилерін жіберу туралы ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы төрт аумақтың қауіпсіздігі мен тиімділігі жайлы мәселе қазіргі уақытта талқыланып жатыр. Бұл туралы және басқа да мәселелер туралы Астанада 4-5 шілдеде өтетін кездесу барысында талқыланады», — деп хабарлаған еді. Саясаттанушы әрі сарапшы Ерлан Қарин: “Мына соңғы хабарға байланысты айтарым, мынадай жағдайда тек қана қазақстандық ресми ақпарат көздеріне жүгінген дұрыс. Кезінде Еуразиялық парламент тақырыбы төңірегінде де солай болған. Ұсынылды, талқыланды деді, ал шын мәнісінде біз тараптан ондай тақырып мүлдем қарастырылмады. Сондықтан әртүрлі ресми емес акпаратка сене берудің керегі жоқ”, — дегенді айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз