«Бұған дейін Үкімет отырысында баяндағанымдай, 1 шілдеден бастап біз Әділет министрлігімен және әкімдікпен бірлесе отырып, Астанадағы «Санкт-Петербург» бизнес орталығындағы ХҚКО-да пилоттық жобаны іске қостық. Енді бүгінгі күннен бастап Азаматтық хал актілерін тіркеу желісі бойынша туу туралы немесе қайтыс болу жөніндегі куәлікті алу үшін ХҚКО-дағы қызметкерлерімізге өтініш жасауға болады. Егер осы пилоттық жоба сәтті жүзеге асатын болса, онда еліміздегі барлық ХҚКО-да куәлікті алу уақыты қысқарады. 10 шілдеден бастап азаматтық хал актілерін тіркеуге қатысты қызметтерді көрсету мерзімін азайту жобасына елімізде тағы 46 ХҚКО қосылады», — деп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов әлеуметтік желіде мәлім етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз