Осы жылдың 11-23 ақпан аралығында Түркістан облысының туризм басқармасы «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығымен Түркістан қаласында әлеуетті гид-экскурсоводтарға жиын ұйымдастырып өткізуде.

Оқудың мақсаты облыстың туристік объектілерімен танысудың кәсібилік сапасын арттыру және біздің өңірге келетін қонақтар және туристермен жұмыс істейтін гид-экскурсоводтардың біліктілігін арттыру мен дайындау болып табылады.  
Аймақтың тарихын, тіл тарихын, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін білетін кәсіби гид-экскурсовод бұл облысқа келуші қонақтарға  алғашқы әсер қалдыратын тұлғалардың бірі. 
Өз кезегінде, семинарға қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген 50 жоғары курс студенттерін оқыту және оларды болашақта кәсіби гид-экскурсовод ретінде жылжыту, гидтерді республикалық бірыңғай тізімге тіркеу жоспарлануда.
Тәлім алып жатқан қатысушы гид-экскурсоводтар білімін жетілдіру үшін туризм саласына еңбек сіңірген, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожа Мұқтар Бақадырұлы және жаттықтырушы гид-экскурсовод,  доцент Рахимбекова  Майра  Жұмағалиқызынан дәріс алуда.
Семинар-тренингтің нәтижесінде өңірдің туристік нысандары туралы ақпаратты сапалы ұсыну, білікті кадрларды ұлғайту, туристік индустрия саласында адами ресурстарды дамыту, маршруттарды дұрыс жоспарлау, гид-экскурсовод қызметінің сапасын арттыру болып табылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз