Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі метеорология бойынша Түркі әлемінің алғашқы онлайн Форумына қатысты.

Форум жұмысына Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Петтери Таалас, Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай, сондай-ақ Түркия Республикасы, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр, Түркіменстан және Өзбекстанның министрліктері мен ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің басшылығы қатысты.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев түрік мемлекеттік метеорологиялық қызметін құрылғанына 84 жыл толуымен құттықтап, түркі әлеміндегі апаттарға төзімділікті арттыруда метеорологиялық инфрақұрылымның маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Вице-министр экономиканың түрлі секторлары мен жалпы халық үшін төтенше ауа райы құбылыстары туралы уақытылы ескерту қажеттігін тоқтала келіп, ауа райы біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты, мұндай кездесулер кооперация үшін тиімді алаң болып табылады және гидрометеорологиялық мониторинг және болжау саласындағы жұмысты бірлесіп жақсартуға мүмкіндік береді.

«Біздің жұмысымызды жақсарту үшін біз үнемі жұмыс әдістерін жетілдіріп, ұсынылатын өнімнің сапасын жақсартуымыз керек. Ауа-райы құбылыстарын тек өз елінің деректерін пайдалана отырып жоспарлау мүмкін емес, сондықтан басқа метеорологиялық қызметтермен ынтымақтастық, деректермен, тәжірибемен алмасу және мамандардың біліктілігін арттыру маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады», – деді Серікқали Брекешев.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар метеорология және гидрология бойынша стратегиялық және ғылыми жоспарды дайындау бойынша жұмыс тобын құру мүмкіндігін, сондай-ақ озық тәжірибемен, халықаралық стипендиялармен және жобалық мүмкіндіктермен алмасу мақсатында «Метеорология бойынша Түркі әлемі форумының» веб-парағын талқылауға келісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз