Ауданымызда жыл басынан бері 6 өрт оқиғасы орын алған. Өрттен болған шығын 400000 теңгені құраған. Адам өлімі тіркелмеген. 2 адам жарақаттанған. 7 адамға ескерту жасалған. Соңғы екі айдың көрсеткіштері осындай. Бұл – аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бізге берген ресми мәліметі. Өткен жылғы салыстырмалы кезеңдегі көрсеткіштер бұдан жоғары болғанын ескерсек, өрттен туындаған оқыс оқиғалардың алдын алу шаралары, тиісті жұмыстар аудан көлемінде жүргізіліп жатқанын аңғаруға болады.

Алайда «өрт – тілсіз жау». Оны болдырмаудың бірден-бір жолы – өрт қауіпсіздігін, сақтық шараларын қатаң сақтау. Бұлай істемесе тағы болмайды. Өйткені арты жантүршігерлік жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Бұны бәріміз біліп, көріп, естіп жүрміз. Дейтұрғанмен кейбір азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне, сақтық шараларына немқұрайлы қарайтыны қынжылтады. Соның салдарынан оқыс оқиғалар орын алып жатады. Оның алдын алу, болдырмау – баршаға ортақ міндет.

Осы мақсатта сенбі-жексенбі күндері құрамында аудандық төтенше жағдайлар, өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері, жас еріктілер бар жұмыс тобы Шайқорық ауылына, мал және көлік базарларына барып, үй-үйді, сауда орындарын аралап, жергілікті тұрғындарға, сатушыларға, келушілерге мән-жайды түсіндірді. Өрт қауіпсіздігі туралы айтып, қауіпсіздік ережелерін тілге тиек етті. Жадынама парақтарын таратты.

Тұрғындар да, сатушылар да, келушілер де жұмыс тобының мүшелеріне сақтық шараларына немқұрайлы қарамайтынын, қауіпсіздікке мән беретінін жеткізді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз