Әзірше зеңбіректің көмегімен ұшақ пен кішігірім қайықтарды атып түсіруге болады. Алайда қазір одан да күші зор қару дайындалып жатыр. Американдық әскерилер USS Ponce кемесінде орнатылған лазерлі қарудың жүйесін сынақтан өткізді. Сынақ сәтті өтті. «Оның дәлдігі оқтан да мықты. Бұл тек әуе және жердегі кедергілерді жоя алатын төменгі сапалы қару емес. Аталмыш қару әмбебап. Оны түрлі жағдайда қолдануға болады» деді кеме капитаны Кристофер Уэллс. Әскерилердің айтуынша, желдің жылдамдығындай қозғалатын лазердің сәулесіне жел, діттіген мақсатының ұзақтығы деген секілді сыртқы факторлар әсер етпейді. Ал лазерлі зеңбірек ешқандай дыбыс шығармайды. Құны 40 миллион долларды құрайтын лазерлі зеңбірек генератормен жұмыс істейді. Ал жүйені жұмыс істетуге үш-ақ адам жеткілікті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз