Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды. Жиын барысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров: «Қазіргі уақытта жалпы ауданы 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді шетелдік қатысуы бар жеті заңды тұлға жалға алып отыр. Оның ішінде Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына арналған ауданы 5,9 мың гектарды 1 кәсіпорын, Павлодар облысында ауданы 32,2 мың гектар ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері бар 1 кәсіпорын, Атырау облысында 1,6 мың гектар жер 1 кәсіпорында және Ақмола облысында жалпы алаңы 34,7 мың гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4 кәсіпорын, екі шетелдік компания жұмыс істейтінін Шығыс Қазақстан облысында 14,9 мың гектар алқапта 1 кәсіпорын және Жамбыл облысында 3,6 мың гектар алқапта 1 кәсіпорын бар. Бұл компаниялар бұл жерлерді мораторий енгізілгенге дейін жалға алған. Бұл ретте осы шетелдік компаниялардың ауыл шаруашылығы жерлерінің жалдау мерзімдері 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде аяқталады. Тиісінше, жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа мерзімге ұзартылмайды, өйткені бүгінгі күні талқыланған заң жобасы шетелдік жер пайдаланушыларға және әртүрлі бірлескен кәсіпорындарға жер беруге толық тыйым салуды қарастырады», – деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз