Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі: «Кеше
Түркістан облысы Созақ ауданының Екпінді-Бірлік автожолының 144-531
шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Бұл туралы хабарлама
аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне сағат 11.20-да келіп түсті. Оқиға
орнына бірден облыстық Полиция департаментінің криминалистері мен
жедел тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері «Лада-Приора» мен
«Фольксваген-Гольфтің» соқтығысқанын анықтады. Оқиға орнында 2 жеңіл
көлік жүргізушісі мен 5 жолаушы көз жұмды. Ал жарақат алған 1 адам
аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Аталған жайт
аудандық сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-
бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында
тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері қаза болғандардың кім
екенін, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда»,— деп
хабарлады.

Ермек САХАРИЕВ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз