Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифингте: «Еңбек демалысы кезеңі басталысымен автокөлік қозғалысының жиілігі өсіп отыр. Соның әсерінен көліктен келетін қауіп-қатер артты. Кейінгі 2 аптада 428 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 88 адам көз жұмып, тағы 505 адам жарақат алды. Оның ішінде 92 көлік апатында кәмелет жасына толмаған 8 бала қайтыс болып, 102-сі зардап шекті. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің үштен бірі – жаяу жүргіншілер. Аталған жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауы. Қала сыртындағы жолдарда болатын апаттарда кісі өлімі көрсеткіші жоғары. Мұндағы басты себеп – жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы және қарсы бағытпен жүруі. Ал елді мекен аумақтарында болатын апаттардың негізгі себебі – жаяу жүргінші жолағын кесіп өту ережесінің бұзылуы және жылдамдықты арттыру. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережесін сақтау қажеттігін еске салады», –  деп атап өтті.

Дайындаған — Ермек Сахариев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз