Фото ғаламтордан алынды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBO титулының иегері Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жекпе-жекке шығудан бас тартты. The Athletic инсайдері Лэнс Пагмайрдың мәліметіне сенсек, орта салмақтағы IBF/ IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин аталмыш айқасқа қызығушылық танытып отырған жоқ. Бұл жайында Пагмайрға DAZN стриминг сервисіндегі ақпарат көзі хабарлаған.

«Маған Головкиннің 31 желтоқсан күні Жапонияда Риото Муратамен өтеді деп жоспарланған жекпе-жекке дейін Деметриус Андрадемен жұдырықтаспайтыны жайлы хабар келді» деп жазды ол Twіtter парақшасында.

Осыған дейін дәл осы ақпарат көзі Геннадий Головкиннің қыркүйекте Сауль Альвареспен үшінші мәрте кездесуге келісім бергенін мәлім еткен еді. Алайда бұл ұсыныстың қаншалықты нақты екені беймәлім. Айта кетейік, инсайдерлік ақпаратқа Деметриус Андраде жауап қатып, наразылығын білдіріп үлгерді.

«Әрине, GGG менімен жекпе-жекке шықпайды. DAZN, оны бүкіл титулын біріктіруге көндіріңдер» деп жазды Андраде Twitter парақшасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз