Астананың туған күніне күй тарту етілді. Ғаламат Бейсеқожа «Атадан мұра» күйін ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арнады.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Астананың туған күніне орай «Атадан мұра» күйінің тұсауы кесілді. Ғаламат Бейсеқожа Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы. Алғашқы туындыларын 11 жасында шығара бастаған. Күрделі тақырыптарды тербеген күйші бүгінде 20-ға жуық күйдің авторы. «Абай толғауы», «Махамбет» сынды тұлғаларға күй арнаған Ғаламат Бейсеқожа, кезекті туындысын Елбасының алдында орындауды армандайды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жас күйшінің «Атадан мұра» атты күйтабағының тұсауы кесілді. Шараға қатысқан «Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қорының төрағасы Айдар Қырықбайұлы 2017 жылдың қыркүйек айында Мәскеу қаласында «Атадан мұра» шығармашылық кешін өткізу жоспары бар екенін айтып өтті.
16 жастағы күйші-композитор Ғаламат Бейсеқожа Республикалық «Жас Дарын», «Махамбет оқуы» атты байқаулардың Бас жүлдесімен марапатталған, сондай-ақ Қаршыға Ахмедияров атындағы сыйлықтың иегері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз