— Әке, мыстандар өмірде жоқ қой, иә?
Әкесі әйелі жаққа бір қарап:
— Кішкентай кезімде мен де солай ойлағам.

***

Бір күні Қожанасыр баласының қолына қыш құмыра беріп, су әкелуге жібермек болып:
— Маған қара, қолыңдағы құмыраны сындырып алма, — деп, шапалақпен салып қалыпты. Оны көрген Қожаның әйелі ашуланып:
— Баланы неге ұрасыз? Құмыраны сындырған жоқ қой! — дейді.
Сонда Қожа:
— Сен қатын еш нәрсе түсінбейсің. Құмыраны сындырып болған соң, ұрудың қажеті бар ма? — депті.

***
Қызы:
— Анашым, мен өскенде сен сияқты болғым келеді!
Әкесі:

— Қой, қызым! Басқа нәрсе армандашы!

***
Бір сұлу қыз көшеде кетіп бара жатып, аяғы сүрініп құлап қалыпты. Сол маңда тұрған 3-4 жігіт мұны көріп, қарқылдап күліп жіберіпті. Үстін сүртіп, орнынан тұрған қыз жігіттерге қарап:
— Бұл маңда ер адамның болмағаны қандай жақсы болды, әйтпесе ұят болар еді, — депті.

***
Екі жігіт сөйлесіп отыр.
— Неге үйленбей жүрсің?
— Шынымды айтсам, мен үнемі сенің әйеліңді көріп, ойланамын…
— Жындысың ба, ей, не айтып тұрсың?
— Жоқ, түсінбедің, маған сенікіндей әйел тап болса, не істеймін деп ойланамын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз