ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, бүгінде елімізде шетел азаматтары үшін визаны электронды түрде алу жүйесін енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Себебі туристердің көбісі Қазақстанға келгісі келеді. Алайда виза алу кезінде сан алуан қиыншылықтарға тап болатыны жайында жиі айтады.
«Алдағы уақытта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы мәселені шешетін боламыз. Шыны керек, біздің қазіргі виза беру жүйеміз өте күрделі әрі қатаң. Ең қызығы, бәрі оны ұлттық қауіпсіздікпен түсіндіреді. Бұдан да виза беру мәселесін жеңілдету керек», — деді Мұxамедиұлы отандық туризмді дамыту мәселелеріне арналған жиында.
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан арқылы транзитпен өтетін Иран мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағатқа дейінгі визасыз режимді енгізу жоспарланып отыр. «Меніңше, алдағы екі аптаның ішінде осы мәселе шешіледі», — деп атап көрсетті Мұxамедиұлы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз