Павлодардағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Мұхаммед-Әли Әмір Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Халықаралық математика олимпиадасының алтын медалін еншіледі деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мамандарының хабарлауынша, 58-ші Халықаралық математика олимпиадасы 12 шілдеде басталып, 23 шілдеде аяқталған. Жаңалықты шетелден оқушының жетекшілері хабарлады. «Аталмыш білім сайысына әлемнің 100 мемлекетінен 600-ге жуық оқушы қатысты. Әлемдік додаға Қазақстан Республикасының атынан математика пәні бойынша құрама командасының сапында 6 оқушы бақ сынады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстанның командасы 4 медальға ие болды. Оның біреуі алтын, екеуі күміс, біреуі қола. Сондай-ақ, бір бала ұйымдастырушылардың Құрмет грамотасымен марапатталды», — дейді ұстаздар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз