Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга шетелдік шоттардың иелерінен офшордағы ақшаны 49 тәулік ішінде елдің орталық банкіне аударуды талап етті. Президенттің мәліметінше, Моңғолияның 49 азаматы офшорлық шот ұстайды. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, саясаткерлер де бар. Есептеу уақыты 24 шілдеден басталды. Осы уақыт ішінде шот иелері ақшаны «МонголБанкке» аударуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, шоттар мен олардың иелері туралы ақпарат жария етіліп, шенеуніктер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз