Дүйсенбі күні Есік көлі аумағында Атамбаевтың жылда ұйымдастырылатын пресс-конференциясы өтті. Оған 70 шақты республикалық, аудандық журналистер және халықаралық БАҚ өкілдері, саясаткерлер, сарапшылар қатысып жатыр. Дәстүрлі жазғы пресс-конференция Атамбаевтың билік басында болған 6 жыл уақытын қорытындылау іспетті. 1 желтоқсанда оның президенттік уәкілеттілігі тоқтайды. Ал 15 қазанда кезекті президенттік сайлау өтеді. Конституцияға сай, қазіргі президент оған қатыса алмайды. Ол кез келген президенттік қорытындыны қабылдауға әзір екенін де атап өтті.
«Сайлаудың нәтижесі қандай болса да оны қабылдау керек. Есептеу әділ түрде жүргізілетініне және билікті бейбіт түрде табыс ететініме кепілдік беремін», — деді Қырғызстан президенті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз