Латын қарпіне өту біріктірмейді, Алтайдағы халықтарды бөледі. Бұл туралы Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 20 шілдеде «Алтай өркениеті және алтай тілдік отбасының туыс халықтары» халықаралық форумында мәлімдеді деп хабарлайды AKIpress. Ол қазіргі уақытта ТМД-ның латынға көшіп жатқан кейбір елдері жайлы айтты. «Біреулер латын қарпі дамыған мемлекеттердің емлесі дегенді айтады. Бірақ Қытай мен Жапония латынсыз-ақ дамыды ғой. Біз неге Ресейде тұрып жатқандарды — башқұрттарды, татарларды ұмытамыз? Олар кирилл қарпінде қала береді ғой. Дәл солармен біз тілімізді дамытып, өзара байыта алар едік», — деді Атамбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз