Ақмола облысында Орталық Азиядағы ірі күн электр станциясын салу жұмыстары басталды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«KB Enterprises» компаниясы — қуаты 100 МВт болатын Орталық Азиядағы ірі күн электр станциясын жобалау мен оны салу бойынша инвестор әрі тапсырыс беруші. Аталмыш компания дайындық жұмыстарын бітіріп, енді жобаның шешуші кезеңін жүзеге асыруға кірісті. Күн электр станциясы Целиноград ауданының Қабанбай ауылында салынады. Жобаның құны — 165 млн. евро. 300 га аймақты қамтитын бөліктегі дайындық жұмыстары басталды. Аталмыш жоба қосымша жұмыс орындарының ашылып, өңірдің энергетикалық жүйесін оңалтып, болашақта облыс пен республиканың қаржы-экономикалық жағдайына оң ықпалын тигізетін болады. Сонымен қатар аталмыш жоба жергілікті нарықтың «жасыл» технологияларға ашық екендігін көрсетеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз