«Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған», — дейді Германияның көрме индустриясы қауымдастығының басшысы Петер Невен. Ол осымен 25 жыл қатарынан әлемдегі ең ірі көрме кешендерін аралап көрген. Тәжірибелі маман ҚазақстандағыЭКСПO сәтті өтіп жатқандығын тілге тиек етті. Айта кетейік, Германиядағы барлық көрме ұйымдастырушыларын біріктіріп отырған қауымдастықтың жүз жылдық тарихы бар. Ол халықаралық тәжірибелерді жинақтап, рейтинг жасаумен айналысады. «Қазақстанның павильоны таңғаларлықтай. Шар тәріздес ғимарат “ЭКСПО — 2017” көрмесінің бойтұмарына айналды әрі Астананың көрікті нысандарының бірі болып қала бермек. Бұл — аймақтағы ең ауқымды көрмелердің бірі. Оның қорытындысын шығару әлі ертерек. Бірақ Қазақстан бұл мүмкіндікті сәтті пайдалана білді», — дейді Германияның көрме индустриясы қауымдастығының басқарушы директоры Петер Невен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз