azattyq.org. сайтының мәліметінше, Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясына биылғы президенті сайлауына қатысуға ниет білдірген тағы үш адамнан өтініш түскен. Қырғызстан президенттігіне кандидат болғысы келетіндер саны қазір 51 адамға жеткен. Қырғызстанда президент сайлауы биыл қазанның 15-і күні өтеді деп белгіленген. Президент сайлауына түсуге ниет білдіргендер ресми органға өтінішін тамыздың 1-іне дейін тапсыруы тиіс. Президенттікке кандидаттардың түпкілікті тізімін сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссия қыркүйектің 10-ы күні жариялайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз