Футбол: Қалтасын қалыңдатамын деушілерге орын жоқ!

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасы аясындағы үшінші кезеңде Польшаның «Легиясынан екі ойын қорытындысы бойынша басым түсіп (3:1 және 0:1), аталған жарыстың плей-офф кезеңінде өнер көрсету құқығына ие болды. Албанияның «Скендрбеуіне» есе жіберіп, Еуропа лигасы додасынан шығып қалған Алматының «Қайрат» командасының ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев: «Бізге ең алдымен ойнай алатын және ойнағысы келетін футболшылар керек. Қазіргі құрамның басым бөлігі алдағы маусымда қалмауы да мүмкін. Алайда сапта қалғандардан мықты, нәтижеге қол жеткізгісі келетін команда құрамыз деген сенімдеміз. Қалтасын қалыңдатқысы келетіндерге орын жоқ», — деп, команда басшыларының алдағы уақытта алдарына қойып отырған басты міндеттерімен бөлісті. «Астана» келесі кезеңде Шотландияның «Селтик» командасымен сынға түседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз