top news on a newspaper page

* Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелерімен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Экономикалық өсім Еуразиялық экономикалық одақ елдер арасындағы тауар айналымының артып, өзара қарым-қатынастың нығаюына тікелей байланысты болады», — деді.

* Астанада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында осы одаққа мүше елдерде ортақ зейнетақы келісімшарты келесі жылы қабылдануы мүмкін екендігі белгілі болды.

* Екі жылдық тоқыраудан соң, банктерде ипотекалық несиелеу жанданды. Халық үй құрылысы үшін және баспана алу үшін несие алуды үдеткен. Ол үшін банктер 135,4 миллиард теңге қарыз берген. Маусымда қарыз беру 2 пайызға артып, 4,2 трлн. теңгеге жеткен.

* Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов: «Салықтық тексерулер үш бағытта жүргізіледі. Адал салық төлеушілерді тексермей, орташа салық төлеушілер тобын ішінара, ал «қызыл» топқа түскендер толық тексеруге алынады. Кімнің қай бөлікке жататындығының нақты ережелері белгіленеді. Осындай түзетулердің арқасында салықтық тексерулер мен оның айналасындағы дау-дамайлар саны азаяды деп ойлаймыз», — дейді.

* БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері КХДР-ға қарсы қосымша санкция енгізуді мақұлдады. Санкция басқа елдердің КХДР жұмысшыларын жұмысқа алуына, сондай-ақ осы елден темір, қорғасын кені, көмір, теңіз өнімдерінің экспортына шектеу қояды. Пхеньян билігі бұл санкцияны айыптап: «АҚШ тарапынан қауіп сейілмейінше, КХДР атом бағдарламасына қатысты келіссөздер жүргізбейді», — деп мәлімдеді.

* Қазақстанда оралмандардың азаматтық алу процедурасын жеңілдетті. Соған сәйкес, енді оралмандар Қазақстан азаматтығын бір жылдан кейін ала алады. Оралмандар мемлекет тарапынан материалдық көмек алғысы келсе, иммиграция квотасына қатысулары керек. Өткен жылы туған Отанына 33 мың этникалық қазақтар қайтып оралды.

* Мәскеуде теракт жасамақ болған үш Орта Азия тумаcы ұсталды. Олар Мәскеудің ірі сауда алаңдарында, көлік нысандарында теракт жасауды жоспарлаған. Ұсталғандардың бірі жарылғыш қондырғыны орнату маманы болса, екеуі жанкешті екен. Федералды қызмет өкілдері олардың қай елдің тұрғындары екенін айтпай отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз