Қаржы:

2017 жылдың бірінші жартыжылдығына әкім аппаратына 1 592 088,3 мың теңге сома көлемінде бюджеттік қаражат бөлінген. Ол 100 пайыз игерілді.
Салықтар: Мемлекеттік кірістер басқармасының ақпараты бойынша 2017 жылға мемлекеттік бюджет болжамы 110 122 855 мың тенгені, 2017 жылдың 30 маусымына түсімдердің дәйекті көрсеткіші 51 341 251 мың теңгені құраса, орындалуы — 47 пайыз. Республикалық бюджет 78 016 089 мың теңге сома көлемінде белгіленген, түскені — 35 924 349 мың теңге, орындалуы — 46 пайыз. Жергілікті бюджет 32 106 766 мың теңге көлемінде белгіленген, бюджетке түскені — 15 416 902 мың теңге.
Өнеркәсіп: Алматы қаласы Статистика департаментінің мәліметтері бойынша ауданда 79 610 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Барлық өнеркәсіп бойынша физикалық индекс көлемі 104,7 пайыз. Негізгі капиталға инвестиция көлемі қаңтар-маусым айларына 10 502 млн. теңгені құрады. Нақты орташа айлық жалақы көлемі — 125 016 теңге. Ірі және орта кәсіпорындардағы жұмысшылардың саны — 45 835 адам.
Шағын кәсіпкерлік: Қаңтар-маусым айларында бөлшек тауар айналымы 212,8 млрд. теңгені, көтерме тауар айналымы 817,6 млрд. теңгені құрады, бұл — қалалық бөлшек тауар айналымының 19 пайызы. 2017 жылдың 30 маусымына дейін аудан кәсіпорындарында 1 509 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Көріктендіру: Жетісу ауданының аумағында 260 көше бар, ұзындығы 213 216 м, аумағы 1 622 305 м2. «Алматы тазалық» МКК, «Gaumer A-stroy» ЖШС, «Қала көркейту», «Almaty Communal Service», АУПП №3 ҚБ «КОГ», «АБС ЛД-строй» ЖШС мердігер ұйымдарымен қалалық, аудандық және жергілікті маңызы бар көшелерді, шағын аудандарды, көлік жол айрықтарын, арық желілері мен жер үсті өткелдерін, жаяу жүргінші жолдарын, бақтар мен саябақтарды және көк желектерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазір аудан аумағында 9663 шамдарына, 119 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарына қызмет көрсетіледі. Сыртқы жарықтандыру желісінің жалпы ұзындығы — 305,227 км. «Қала көркейту» ЖШС мердігер ұйымымен 8 жол айрығын, жолдарды бөлу жолақтарын, көк желектер мен бақтарды және саябақтарды күту, шөп шабу жұмыстары атқарылды. 478 дана ағаштар санитарлық кесілсе, 200 дана ағаш пішіндеп кесілді. Көкжиек шағын ауданында 200 жас тал отырғызылды. «РСУ» ЖШС мердігер ұйымымен жалпы алаңы 2500 ш.м. шұңқырларды жабу жұмыстары атқарылды. Омаров, Серіков, Жетісу көшелері бойынша ұзындығы 2,103 км жаяу жүргінші жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу және 4 км аса жолдарды жөндеу жүргізілді. 10 аялдама кешені жөнделді.
Коммуналдық шаруашылық:
Ауданда қоқыс шығарушы ұйымдар 47 бірлік арнайы техникамен, 190 жұмысшымен қамтамасыз етілген. Есептік кезеңде 21400 тонна қоқыс шығарылды. Айына екі рет ауданның санитарлық жағдайы, қоқыс шығару, апатты жағдайлар бойынша ЖПИК төрағаларының қатысуымен жоспарлы кеңестер өткізіледі. 2 тоқсан ішінде аула аумақтарын уақытылы тазартпағаны үшін 11 пәтер иелері кооперативі төрағаларына айыппұл ретінде әкімшілік шара қолданылды. Ауданда жаңа жылу беру мерзіміне дайындық жұмыстары атқарылуда. Көпқабатты тұрғын үйлер саны — 567, олардың 217-сінде жалпы есеп құралын орнату мүмкіндігі бар, 74 үйде ондай мүмкіндік жоқ, 276 үйде жалпы есеп құралдары орнатылған.

Құқықтық тәртіп:

Жетісу ауданының жергілікті полиция қызметімен 13 469 516 теңге сомасына 3685 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 362 440 теңге өндірілді. Көші-қон полициясымен 123 362 555 теңге сомасына 1612 әкімшілік хаттама толтырылды. ІІБ-ның жол полиция бөлімімен 109 190 415 теңге сомасына 11905 әкімшілік хаттама толтырылып, 37 757 386 теңге өндірілді. Қылмыс саны былтырмен салыстырғанда 5,3 пайызға төмендеді.
Әлеуметтік сала: Ауданда ҚР заңдарына сәйкес, 23 отбасына 1754,43 мың теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 107 отбасына, 312 балаға жалпы сомасы 1967,65 мың теңгеге жәрдемақы тағайындалды. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1 отбасына, 5 адамға 28,310 мың теңге тағайындалды. 180 отбасына коммуналдық қызмет төлемдері үшін 1955,72 мың теңге сомасына көмек берілді. 23 ҰОС ардагерлері мен мүгедектері жалпы сомасы 578,81 мың теңгеге 5,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек алды. 501 адам жыл сайын жарты жылда бір рет берілетін 7 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек алды, жыл басынан тағайындалған шығындар көлемі 7957,38 мың теңгені құрады. Диспансерде есепте тұратын азаматтарға тағайындалатын ай сайынғы әлеуметтік көмекті 34 адам 7 АЕК мөлшерінде алды, жалпы сомасы 757,75 мың теңге. Жан басына шаққандағы табысы екі реттік өмір сүру құнынан аз 61 адамға 7,5 АЕК көлемінде жалпы сомасы 1038,1 мың теңгеге әлеуметтік көмек берілді. Суық және ыстық су есеп құралдарын сатып алу, орнату және тексеру үшін кеткен шығынды өтеуге аз қамтылған 12 азаматқа жалпы сомасы 104,38 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау үшін осы санат бойынша 52 адамға 694,34 мың теңге сомасында жәрдемақы тағайындалды. Әлеуметтік сала бөлімі жанында жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 4 бөлімшесі қызмет етеді. Әлеуметтік жұмысшылар саны 38 адам. Бөлімшелерде 243 адамға қызмет көрсетіледі, оның ішінде 21 адам мүгедек. «Жұмыспен қамту орталығы» МҚК-не жұмыссыз ретінде 669 адам тіркелген. Бүгінге дейін есепте тұрған азаматтардың саны — 159 адам, жұмыспен қамтылғандар — 927 адам. 25089 адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алды. Төленген зейнетақы көлемі — 1 079 877 573,0 теңге, төленген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері — 144 440 870,0 теңге.
Білім беру:
Жетісу ауданында 21 жалпы орта білім беру мекемелері жұмыс істейді. Ауданда оқушылар үйі, 21 мемлекеттік нысандағы балалар мекемесі жұмыс атқарады. 4 мектепте 37 мектепке дейінгі даярлық сыныптары бар. Өткен оқу жылында 22891 оқушы білім алды. Оқушылар үйіндегі түрлі үйірмелер мен секцияларға 2680 оқушы қатысады. Оқушы орнының жетіспеушілігі 2065 адамды құрайды. 7 мектепте бала саны шамадан артық. Жалпы орта білім беру саласында бүгіндері 1558 мұғалім жұмыс істейді. 1416 мұғалімнің жоғары, 142 мұғалімнің арнайы орта білімі бар. 485 мұғалімге жоғары; 323 мұғалімге I; 400 мұғалімге II санаттары берілсе; 377 мұғалімге санат берілмеген. Ауданның мектеп оқушылары жалпы пәндер бойынша өткен олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобаларының конкурстарында бірқатар жетістіктерге жетті. Ата-анасынан айырылған 17 жетім балаға қамқоршы тағайындалды, туысқандарына 4 бала берілді, балалар мекемесіне 3 бала орналастырылды. Аудан мектептерінде 1227 оқушыға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Аудандағы түлектер саны — 476. Бәрі аттестат алды. 25 оқушы «Алтын белгіге» бітірсе, 19 түлек мектепті үздік аяқтады. Ұлттық тестілеуге 17 мектептен 405 оқушы қатысты, аудан бойынша орта балл — 86, 5.
Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу:
Ауданда 57 мектепке дейінгі ұйымы жұмыс істейді, қамтылған балалар саны — 6184, соның ішінде: мемлекеттік балабақшалары — 21; жекеменшік балабақша саны — 17; жекеменшік шағын орталықтар — 18; күні бойы бала тәрбиеленетін жекеменшік шағын орталық — 1. 2017 жылдың 1 қаңтарына 1 жастан 6 жас аралығындағы балалардың кезегі 6514 баланы құрады, 3 жастан 6 жасқа дейін — 2573. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жекеменшік балабақшаға 773 бала барады. 2017 жылы 45 орынға «Родничок-2», 24 орынға «Аяла» жекеменшік балабақшасы ашылды. Көкжиек ш/а 46 орынға арналған «Алима» шағын орталығы ашылып, толық күні бойы жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау:
Жетісу ауданы емханаларында 115021 адамға медициналық қызмет көрсетіледі, олардың ішінде: ересектер — 80543, балалар — 31266, жасөспірімдер — 3212. Аудандық емханалар заманауи талаптарға сай медициналық аппараттарымен толықтай жабдықталған. Емханада перинаталді кезеңді УДЗ-3 тексеру жүргізіледі. Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде ұйымдастырылған мектептер өз жұмыстарын бекітілген жоспарға сәйкес жүргізеді. Аудандар арасында негізгі қызмет көрсеткіштері рейтингіне сәйкес Жетісу ауданы 2017 жылдың 6 айы қортындысы бойынша меициналық көрсеткіштерден 3 орын алды. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық мемлекеттік және кәсіби мейрамдарға мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді, түрлі спорттық шаралар тұрақты өткізіліп отырды, оған 10 мыңнан аса адам қатысты.

2017 жылға
Жетісу ауданы әкімі аппаратының
міндеттері

1. Жылу беру мезгіліне сапалы дайындық жүргізу;
2. Коммуналдық қызметтер үшін қарыз-дарды өтеу бойынша тұрақты жұмыс атқару;
3. Есеп құралдарын орнату бойынша жұмыс жүргізу;
4. «Алматы қаласында тұрғын үйлерге газ жүргізу» бағдарламасына сәйкес ауданның тұрғын үй секторында газ жүргізу жұмыстарын аяқтау;
5. Қазу жұмыстарын уақытылы аяқтауды бақылауда ұстау;
6. Қыс мезгілінде жұмыс істеу үшін техника мен инертті материалдарды дайындау;
7. Көктем-күз мезгілінде ағаштарды отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
8. Ауданның санитарлық жағдайын және қоқыс шығарушы ұйымдардың жұмысын үнемі бақылауда ұстау;
9. Жолдарды жөндеу жұмыстарына тиісті қадағалауды қамтамасыз ету;
10. Мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және білім беру мекемелерінде өмірді қорғау, балалар денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11. Әлеуметтік қорғалмаған тұрғын-дардың өмір жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды атқару;
12. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мақсаттарын орындау үшін өз бетінше тиімсіз жұмыс істейтін тұрғындарды, жеке кәсіпкерлерді анықтау бойынша жұмысты күшейту.

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз