Қазақстандық пауэрлифтерші Гузаль Ергешева Канадада өткен аласа бойлы адамдарға арналған әлем чемпионатында «алтын» иеленді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Өзінің жеңісі жайлы Гузаль «фейсбуктегі» парақшасында: «Жүзудегі дәрежем бойынша мен 25 м құлаштап жүзу және 50 м брасстан екінші орын алып, Испания құрамасымен 200 метрлік эстафетаның төртінші қатысушысы болғаныма қуаныштымын. Powerliftingтен — алтын!» — деп, қуанышын өз жанкүйерлерімен бөлісті. Желі пайдаланушылары спортшыны құттықтап, алдағы уақытта жаңа жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз