Тіл білімінде жалғыз академик Әбдуәли Қайдаровты Елбасының жарлығымен корреспондент мүшелері академик болып жариялаған кез еді. Содан кейін-ақ Әбекеңнің құрдасы Шора Сарыбаев:
— Әй, Әбдуәли, сен академикпін деп, кеудеңді қаға берме, біз де академик болдық міне. Тереземіз теңелді, — депті.
Сонда Әбекең:
— Иә, Шора, сен де академиксің, тереземіз теңелді. Бірақ мен — “тереземін”, ал сен болсаң — «форточкасың», — депті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз