Ішкі еңбек нарығын реттеу, азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында қолға алынған Оңтүстіктен Солтүстікке жобасы әлі де жалғасуда. Осы аптада Оңтүстік Қазақстан облысынан тағы 36 отбасы Солтүстікке жолға шықты.
Солтүстікке бет бұрған азаматтарды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев бастаған топ шығарып салды. Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы 113 отбасы Солтүстікке көшкен. Облыс тұрғындары еліміздің жұмыс көзі көп аймақтарына қоныс аудару шарасы аясында отбасылар солтүстіктің Айыртау, Ақжар, Жұмабаев, Есіл және Уәлиханов аудандарына барып қоныстанады. «Таңдалған Павлодар, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарына көшіп барғандардың ішінде күнгей жұртының үлесі басым», — дейді басқарма мамандары. Олардың дені сонда ауыл шаруашылығын саласын түлетіп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз