????????????????????????????????????

Балабақшалар мен «Алматы кітап» сынды дүкендердің талаптарын орындасаңыз, осындай сауал қоюға тура келеді. Себебі, балабақша басшылары 5-7 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке даярлау курсынан өткізу үшін әр ата-анаға ұзындығы сала құлаш тізім жазып береді екен. Онда баланың дайындығына қажетті оқулықтар мен кітапша-дәптерлер, дәптерлер, бояулар мен түрлі-түсті қарындаштар, қаламсаптар т. б. толып жатқан оқу құрал-жабдықтарының атаулары берілген. Ата-аналардың түсінбейтіні, өткен жылы 5 жастағы бала биыл 6 жасарлар қатарында, 6 жасар 7 жасарлармен бірге әлгі дайындықтан кезекті рет өтеді, бірақ әр жыл сайын бағдарлама «құбылнама сияқты» өзгеріп, «жаңарып» тұрады екен. Оқытылатын мәтіндер, икем мен дағдылар қалыптастыратын шаралар бір-бірін айна-қатесіз қайталайтындығына қарамастан, әлгіндей құрал-жабдықтарды ата-ана жылда қайта алуға тиіс. Неге? Ол қалтаға салмақ түсірмесе бір жөн ғой: қалтаңнан бақандай 22 мыңнан астам теңгені шытырлатып санап беруің керек. Осылайша үш жыл бойы жылда жаңғыртылатын бағдарлама үшін 66 мың теңгенің түбіне су құясыз. Сонда әлгі даярлық курстары бағдарламаларының бір-бірінен қандай өзгешелігі бар иә несі артық, әлде, бұл сол арқылы ата-ананың қалтасын қағуды мақсат тұтқан жемқорлық па? Құзырлы орындардан осындай заңды сауалға тұшымды да түсінікті жауап алсақ дейміз. Ата-аналар шағымы бойынша жанайқайды жеткізген — Ермек Назым.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз