Астанада «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесі аясында өткізілген көкпардан тұңғыш әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. Сайыстың финалында өз топтарында бірде-бір рет жеңілмеген Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесіп, біздің еліміздің көкпаршылары 4:1 есебімен жеңіске жетті. Үшінші орынды Қытай көкпаршыларын 2:1 есебімен ұтқан Тәжікстан құрамасы иеленді. Қазақстан көкпаршысы Александр Пупенко чемпионаттың үздік шабуылшысы атанды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз