Өткен аптада еліміздің бас қаласы Астанадағы «Абу-Даби Плаза» кешенінде жаппай төбелес орын алып, полиция қызметкерлері сол жағалаудағы екі көшені қоршауға алған болатын.

Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осы шетін оқиғаға байланысты пікір білдіріп: «Күзет агенттігі мен «Абу-Даби Плаза» кешеніндегі үндістандық жұмысшылар арасында қақтығыс орын алғаны рас. Қазіргі таңда төбелес толықтай ауыздықталды. Астана тұрғындарын алауыздық тудыру мен ойланбай жасалған әрекеттерден сақтандырғымыз келеді», — десе, Бас прокурор Жақып Асанов: «2 қыркүйекте «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңының бақылау-өткізу бекетінде күзет компаниясы қызметкерлері мен Үндістаннан келген жұмысшылар арасында жанжал туындады. Жаппай төбелес салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Орын алған қақтығыстан кейін оқиға орнында қоғамдық тәртіп бұзған 40-тан астам адам полицияға жеткізілді. Олардың сегізі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, қалғандары профилактикалық әңгіме жүргізілген соң босатылды. Жаппай төбелес бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеудің біреуі тұрмыстық негіздегі қақтығыс бойынша, екіншісі жалған ақпарат бойынша тіркелді. Заңбұзушылыққа жол берген шетелдік жұмысшыларды еліне қайтару мәселесін сот шешеді», — деді. Ал Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов: «Дипломатиялық арналар бойынша Қазақстандағы Үндістан елшілігімен тығыз қарым-қатынас орнаған. Олардың тарапынан тергеу барысына немесе қазақстандық биліктің іс-әрекетіне қатысты ешқандай наразылық түскен жоқ», — деген мәлімет таратты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз