АҚШ-та 5 күн бойы ойнақ салған «Харви» дауылынан 30 адам мерт болды. Ал материалдық шығын рекордтық сомаға, шамамен 160 миллиард долларға жетеді деген болжам бар.

Бұл сома ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына тең. Қазір Хьюстонда судың беті қайта бастады. Әуе қатынасы қалпына келтірілді. Дегенмен, Техас штатының шығысындағы Порт-Артурды су басып қалған. Ондағы АҚШ-тың ең ірі мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Ол биылғы жылдың мамырынан бастап Сауд Арабиясының мемлекеттік корпорациясының 100 пайыз иелігінде. Бұған дейін Техастағы бірнеше мұнай компаниясы «қара алтын» өндіруді тоқтатқан болатын. Олар АҚШ мұнайының 20 пайызын өндіреді. Кәсіпорындардың жабылуы мұнайға сұранысты әлсіретіп, құнын төмендетті. Дегенмен, қазақстандық экономист Меруерт Махмұтова: «Дауыл салдарынан мұнай бағамы өседі деп алаңдаудың қажеті жоқ. Алдағы күндері ешқандай да өзгеріс болмайды. Мұнай бағамы осы қалпында, яғни 45-50 доллар шамасында сақталады. Асып кетсе, кішігірім ауытқулар болар. Әрине, барреліне 150 АҚШ доллары көлеміндегі баға қайтып оралмайды. Ал теңгеге тоқталар болсам, алдағы жарты жыл аралығында айтарлықтай өзгеріс болмайды», — дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз