Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында аудан әкімі Е. Ж. Жылқыбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясы Алматы қаласында өтті.
Конференция барысында «Болашаққа көзқарас: қоғам санасын модернизациялау» бағдарламасының қалай жүріп жатқаны туралы айтылды. Және де Жылқыбаев Ержан мырза, ҚазҰПУ ректоры Т. О. Балықбаев, ҚР еңбегі сіңген қайреткері А. Т. Миразова, оқушылар сарайының директоры А. Б. Байсымақова, «Жас Отан» ЖК белсендісі, ҚазҰАУ студенті А. Макашев өз баяндамаларын жасады.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы маусымда ұйымдастырған «Медеу ауданының үздік бастаушы партия ұйымы» атты конкурста жүлделі болған партияларды құттықтап, алғыс хатпен қоса кішігірім сый тарту етті. Осы жиында «Нұр Отан» партиясының мүшесі болғандарға да арнайы партия билетін табыс етіп, еліміз үшін адал қызмет атқаруын тіледі.
Айман Рамзия

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз