Футболдан Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын командалар өткен демалыс күндері биылғы маусымның 26-ы туры матчтарын өткізді. Бұл турда алматылық «Қайрат» қызылордалық «Қайсарды» қабылдап, қонақтарды 3:1 есебімен жеңді. Бірінші таймда Исаэль мен Бауыржан Исламхан көзге түссе, оларға қарсыластар жағынан Франк Джа Джедже бір доппен жауап қайтарды. Үзілістен соң алаңға Андрей Аршавин мен Жерар Гоу шығып, ресейлік биылғы жылғы өзінің үшінші голын салды. Осы жеңістен кейін енді «Қайратта» 59 ұпай бар, ол әзірге өзінің басты қарсыласы «Астана» командасынан 1 ұпайға кейін қалып келеді. Алайда алда әлі де 2 ойын бар. «Қайсар» әзірге 29 ұпаймен 6-ы орында тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз