ҚР Инвестициялар және даму министрлігі: «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2017 жылғы 28-і қарашада 109 жер қойнауы учаскесі, соның ішінде 97 барлауға арналған, 12 өндіруге арналған учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты аукцион түріндегі конкурс өткізеді.. Аукционға негізінен геологиялық барлау жұмыстарын қажет ететін жер қойнауы учаскелері шығарылған. Онда 45 алтын кені (44-і барлауға, біреуі өндіруге); 45 түсті металл кені (үшеуі өндіруге, қалған 42-сі барлауға арналған); 7 қара металл кені (барлығы барлауға арналған); 3 сирек кездесетін металл кені (біреуі өндіруге және екеуі барлауға арналған); пайдалы қазбаларға қатысты 9 кен орны (графит, кварцит, емдік балшық, хризопраз, флюорит, халцедон, бұрғылау кені) аукционға қойылмақшы. Олардың 6-ы өндіруге, үшеуі барлау бағытына негізделген. Аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін келесі сілтеме арқылы алуға болады. Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің негізгі шартына — аукционға қатысуға арналған төлем, геологиялық ақпаратты алу үшін төлем, қызметтерді, жұмыстарды және кадрларды жергілікті қамту бойынша төлемдер мен аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған шығындар, ҒЗТКЖ арналған шығындар жатады. Жеңімпазды анықтаудың негізгі және бір ғана талабы — қатысушылар ұсынған қол қойылған бонустың анағұрлым үлкен көлемі болмақ. Аукцион жеңімпазымен нәтижесінде келісімшарт бекітіледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жер қойнауын пайдалану құқығын тиісті субъектіге беру бойынша мемлекеттің мүддесін білдіретін құқық формасы болып табылады. Барлау сатысында Келісімшарттың әрекет ету мерзімі 6 жылды құрайды. Жер қойнауын пайдалану құқығы келісімшарттың әрекет ету мерзімімен шектелген. Жер қойауын пайдаланушы тиісті аумақты келісімшартта көзделген мақсаттарға сай пайдалануға міндетті. Аукционнан әлеуметтік-экономикалық әсер ретінде келесілер күтілуде: Геология саласына инвестиция тарту, Қазақстан Республикасы аумағында геологиялық зерттелуді жоғарылату, Республикалық және жергілікті бюджетке салықтық төлемдер, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті қамтуды дамыту, жергілікті халық ішінен мамандарды оқыту және қайта даярлау, қайта өңдеуші кәсіпорындарды бәсекелестікке даярлау.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз