Бас прокуратура баспасөз қызметі: «Ведомствоаралық жедел тергеу тобы Бас прокуратураның қызметкері К.Н.Рахметов пен Алматы қалалық ІІД тергеушісі М.А. Решетовқа қатысты бірқатар қылмыстық істі тексеру үстінде.  Бірнеше азаматтың арызына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 2 бабы, 412 тармағы бойынша (Жазықсыз жанды қылмыстық жауапкершілікке тарту)  және И. есімді азаматтың арызына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 2 бабы, 274 тармағы бойынша (Жалған ақпарат тарату) іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдарының мәліметі бойынша, Рахметов пен Решетов лауазымды қызметтерін асыра пайдаланғаны және қылмыстық іске қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін күдікке ілінген.  Аталған қызметкерлерге қатысты сот «қамауға алу» шарасын іске асырды»,— деп хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз