Ресейлік ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Ресей президентінің әскери-технологиялық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі көмекшісі Владимир Кожин: «Ресей мен Қазақстан он екі Су-30СМ ұшағын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Иә, «Армия-2017» халықаралық әскери-техникалық форумында осындай шекті келісім жасалды. Келісімнің шарттарына сәйкес, оның бірінші жеткізген сәтінен бастап үш жыл бойы кезең-кезеңімен іске асырылады. Келісім 2013 жылы «Иркут» корпорациясы мен «Казспецэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы тікелей өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылады. 4+ буынды аса оңтайлы Су-30СМ жойғышы фазаланған антендік торы бар радиолокатормен, басқарылатын тартқыш векторы бар қозғалтқышпен және алдыңғы көлденең қысқа басқару қанатымен жабдықталған. Ұшақ «әуе – әуе» және «әуе – жер беті» заманауи және перспективалық жоғары дәлдіктегі қаруды қолдануға қабілетті»,— деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз