Оңтүстік Қазақстан облысында түркиялық инвесторлармен құны 12 млн. АҚШ доллары болатын екі жоба жүзеге аспақ. Мұндай келісімге түрік бизнес-құрылымдарының жетекшілері бастаған делегацияның Астана қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде қол жеткізілді. ОҚО әкімдігі баспасөз қызметі: «Күнгейдегі қазақ-түрік индустриалды аймағында осы жылы іске асырылатын жобаның бірі — қорғасын концентратын өндіретін түркиялық Merkez Asia Madencilik компаниясының зауыты (құны 2 млн. АҚШ доллары) болса, екіншісі — құны 10 млн. АҚШ доллары болатын Petronet Otomosyon компаниясының жанар-жағармай тарату колонкаларын шығаратын зауыты. Бүгінде аумағы 50 гектарды алып жатқан «Қазақ-түрік» индустриалды аймағында жалпы құны 37,5 млн. АҚШ долларын құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар іске қосылғанда жаңа 900 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Айта кетейік, жыл соңына дейін аталған индустиалды аймақта «Gold Aluminum» ЖШС-нің ПВХ профильдері мен ПВХ және алюминийден жасалған мөлдір конструкцияларды өндіретін шағын цехы іске қосылады»,— деп хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз