Қытайдағы қандасымыз 75 келі салмақтағы боксшы Тоқтарбек Таңлатханұлы XIII кезекті жазғы жалпы қытайлық спартакиадасының финалына шығып, ақтық бәсекеде Хубэй провинциясының спортшысы Вэн Инхаңнан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. Алайда, спортшының бапкерлері наразылық танытып, шағым түсіргеннен кейін төрешілер шешімі өзгеріп, қандасымыз финалға жолдама алған. Сонымен қатар, 64 келі салмақта бокстасқан Ердәулет Мейрамбекұлы ширек-финалда XII кезекті спартакиада чемпионы Ван Гаңмен кездесіп, Ердәулет айқын басымдылық көрсетсе де төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласына берген. Жарыстан кейін, төрешінің шешіміне қытайлық бокс жанкүйерлері өз наразылық білдіріп, жарыс қортындысын қайта қарауды талап етті. Қытай Мемлекеттік Спорт бас басқармасы 8 қыркүйек күні Қытайдың бокстан ұлттық құрамасының таратылғаны туралы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде: «Осы екі жарыста әділетсіз шешім жасаған барлық төрешілер және жауапты басшылардың қызметі тоқтатылды»,— делінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз