ЭКСПО-да өткен ОҚО-ның мәдени күндері 

«ЭКСПО — 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында  29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері өтті. Аптаға жуық уақыт Астана төсін әсем ән мен күмбірлі күйге бөлеген оңтүстіктен келген өнерпаздарға елорда жұрты дән риза. Облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шараға 700-ден артық өнерпаз қатысыпты. Елордаға ат басын тіреген салқар көштің жәй-жапсарын таныстырып, жұртты алда болатын мәдени іс-шаралардан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков хабардар етті. Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдениет күндеріне арналған шаралар жайын баяндады. Осы жылдың 7 айының қорытындысымен облыста маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі сақталғанын айтқан аймақ басшысының орынбасары облыста жыл басынан бері 439,1 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға өскенін айтты. «Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы (2015-2019 жж.) аясында жалпы сомасы 47,1 млрд. теңгені құрайтын 47 жоба іске асырылып, 1 650 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал осы жылы құны 1,7 млрд. теңге болатын 3 жоба іске қосылса, жыл соңына дейін 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін өнеркәсіп өнім көлемін 850 млрд. теңгеге жеткізіп, 2,1 % өсімін қамтамасыз ету көзделуде. Маңызды жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облысқа 229,9 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 31,5 %-ға артты (2016 ж. 166,4 млрд. теңге). Оның ішінде сыртқы инвестициялар 42,3 млрд. теңгені құрап, үлесі 14,1 %-дан 16,9 %-ға көбейген», — деді өз баяндамасында Ұ.Сәдібеков.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз