Бұл туралы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сағынбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес, ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркі мәртебесін алу үшін Маңғыстау облысының аумағындағы табиғи және мәдени мұраларды ұсыну жөнінде жұмыс тобы құрылып және іс-шаралар жоспары жасақталған.
Айта кету керек, Маңғыстауда құрылатын геопарк тек республика көлемінде ғана емес, сондай-ақ ТМД көлеміндегі алғашқы геопарк болмақ.
Жыл соңына дейін Маңғыстау облысының ерекше табиғи нысандарын толық зерделеп, геопарк құратын жерді анықтау мақсатында және ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркіне үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес өтінім дайындалатын болады.
«ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарк жүйесіне әлемнің 35 елінен 127 геопарк кіреді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жаһандық геопарк жүйесіне кірген территорияға туристік және экономикалық қызығушылықтың артатыны анық», — дейді Серік Сағынбаев.
Нұрбол Оқуов

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз