Бейіттер де сатылымға шықты

КТК арнасы: «Ақтөбеде зираттардың аукцион арқылы сатылып жатқанын естіген жұрт қаһарға мініп, шу шығарды. Ақтөбе іргесіндегі қорымдар жаппай жалға беріліп жатыр. Әкімдік қазірдің өзінде елу зиратты аукцион арқылы жеке компанияның басқаруына берген. Ал тұрғындар бұған қарсы. Өйткені кәсіпкер бейіт басын таза бизнеске айналдырмақшы. Тіпті марқұмды қара жерге арулап жерлеудің өзіне жүз мыңдай теңге сұраған. Қурайлы ауылындағы қос қорым тұрғындардың рұқсатынсыз жекенің қолына өткен. Оны мұндағы жұрт әкімдіктің сенімхатын алған компанияның қызметкерлерінен бір-ақ біліпті»,— деп хабарлайды. Шынында да, Ақтөбе іргесіндегі елу қорымды қалалық әкімдік аукционға қойыпты. Оны жалғыз компания ұтып алса керек. Ал олардың өз қызметі үшін қойған бағасынан тұрғындар шошып отыр. Қурайлы ауылының тұрғындары қалтасында ақшасы жоқтары көмілмей қала ма деп қорқады. Өйткені тендер ұтып алған компания жоқ-жұтаңды жерлеуге 20-25 мың теңге, қалғандарына жүз мың теңгедей құн қойыпты. Ал әкімдіктегілер болса, қорымды жекеге беруден қазына қаржысы үнемделеді деп ақталуда. Бір айта кетерлігі, осы күнге дейін әкімдіктегілер қаладағы елу қорымның біреуін ғана қаржыландырып келген. Қалған қырық тоғызының тазалығына бір тиын да бөлінбеген. Сондықтан тұрғындар бейітті бизнеске айналдырмай, бұрынғысынша халықтың қарауына қалдыру керек деп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз