Жаңабек Шағатаев — қос майданның баһадүрі. Яғни әдебиет пен журналистикада қатар тер төгіп келе жатқан қаламгер. Оның балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалары талай бәйгелерден жүлделі орындар алған. Ұлттық мәселелерді ту етіп жазған публицистикалық материалдарының өзі бір төбе. Осы күнге дейін «Түркістан» халықаралық газеті Бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет істеген Жаңабек Шағатаев енді сол газеттің Бас редакторы болып тағайындалды. Әріптесіміздің бұл қызметі ұзағынан сүйіндірсін дей отырып, зор шығармашылық табыс тілейміз!
«ҚАЗАҚСТАН ZAMAN» газетінің ұжымы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз