«Астана» Халықаралық қаржы орталығы АҚ кеңесінің төрағасы Қайрат Келімбетов қоластындағы қызметкерлердің қандай мөлшерде жалақы алатынын айтты. Өзінің жалақысы туралы қойылған сауалға: «Екіге бөліп айтайын: бізде төрешілер мен реттеушілер бар. Ол жаққа әлемдік деңгейдегі мамандарды тартамыз, олар сәйкес компаниялардан бізге бәсекеге қабілетті жалақы мөлшерін жасап алуға көмектеседі. Біз өте жоғары жалақы беретіндей Дубай емеспіз, Әбу-Даби да емеспіз. Менің жалақыма келсек, мен Президенттің жарлығымен тағайындалдым, АХҚО АҚ кеңесінің төрағасымын. Сәйкесінше бұл заңнама актілерімен реттеледі, бұл жалақы «Бәйтерек» АҚ немесе «Самұрық-Қазына» қорындағы жалақыдан аз. Оның үстіне ереже бойынша биыл сыйақы мен бонустар жоқ. Сондықтан жалақыма бола алаңдаудың қажеті жоқ, менікі қолжетімді. Жалақы көлемі бойынша бізде түрлі қызметіне байланысты айына бір миллионға дейін жалақы алатындар да бар», — деп жауап берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз