Қалада барлығы (2017 жылдың тамыз айының 1-не) 261931 шағын кәсіпкерлік нысандары тіркелген, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға артық (243030 бірлік). Жұмыс істеп тұрған ШОБ нысандарының саны (01.08.2017 ж) 172880 бірлікті құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,3 пайызға артық (161080 бірлік). ШОБ-та жұмыс істейтіндер саны 2017 жыллдың бірінші тоқсаны бойынша 581 мың адамды құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға жоғары (2016 ж — 567,8 мың адам). 2017 жылдың бірінші тоқсанында ШОБ өндірген өнімдер көлемі 1199,4 миллиард теңгені құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 56,6 пайызды құрады (713,6 млрд. теңге).

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы

(2010-2017 жж.) аралығындағы Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңі бойынша Алматы екінші бағыттағы (пайыздық мөлшерлемені субсидиялау) «ДКБ 2020» (701 жоба) мақұлданған жобалар аясында Павлодар (645 жоба), Ақтөбе (615 жоба), Шығыс Қазақстан облыстарын (599 жоба) басып озды. Сонымен бірге, Алматы қаласы мақұлданған жобаларға қатысты Бағдарламаны (2010-2017 жж) жүзеге асырудың барлық кезеңіндегі несие сомасы бойынша да жетекші орында (192,46 млрд. теңге), ол Астана (117,11 млрд. теңге) Алматы облысы (91,91 млрд. теңге) және Павлодар облысы (90,84 млрд. теңге) өңірлерден алда тұр. Бұған қосымша, 2017 жылдың 3 айында Республика бойынша Бағдарламаға қатысушылардың төлеген салықтарының көлемі 50 млрд. теңгені құрады, оның ішінде Алматы кәсіпорындары 9 млрд. теңге төледі, бұл 17,9 пайызды қүұрайды, қала бұл жағынан Қарағанды (4,8 млрд. теңге), Батыс Қазақстан (4,7 млрд. теңге) және Павлодар (4,2 млрд. теңге) облыстарын артқа тастады. 2017 жылы «Бизнес 2020 жол картасы» кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай Бағдарламасын іске асыруға 4,4 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде:
*субсидиялауға — 4053 млн. теңге;
*жобаларды кепілдендіруге — 291 млн. теңге;
*кепілдік беруге — 154 млн. теңге.
2017 жылы РКС-ның 15 мәжілісі өткізілді. Бағдарлама бойынша барлығы 127 жоба мақұлданды (11.08. 2017 ж). Олардың ішінде:
*78 пайызы субсидиялау бойынша 32,3 млрд. теңге бөлінді, субсидия сомасы — 7 млрд. теңге.
*20 жобаға кепілдендіру сомасы бойынша 1,1 млрд. теңге бөлінді, кепілдік сомасы — 362 млн. теңге.
*29 жоба кепілдік беру бойынша бөлінген жалпы сома 68,9 млн. теңге.
7269 жұмыс орны сақталды. Алдағы уақытта 1649 бірлік орын құру жоспарланған.
2017 жылға мақұлданған салалық құрылымдар құрылымында ең ауқымды салмақ:
*өнеркәсіптік секторға (тамақ, жеңіл, құрылыс индустрия) — 35,9 пайыз (мысалы, «Казлегпром — Алматы» ЖШС, «Алтын Диірмен макарон фабрикасы» ЖШС, «RG Brans Kazakhstan» ЖШС сынды жобалар мақұлданған);
*транспорт пен сақтауға — 17,5 пайыз (мысалы, «АвтоТрапнсГаз» ЖШС, «Samal-Trans» ЖШС, «Green bus compani» ЖШС);
*қозғалмайтын мүліктермен операцияға — 10,5 пайыз (мысалы, «Алматы Логистик Центр» ЖШС, «Бизнес-Мост Бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «АТА TRADE GROUP» ЖШС, т.б);
*білімге — 7 пайыз (мысалы, «Еуразиялық технологиялық университет» ЖШС, «Профиланд» ЖШС, «Сымбат Oil» ЖШС, т.б).

«Жібек жолы»
аймақтық
бағдарламасы

2016 жылғы Бағдарламаны іске асыру жұмыстары жалғасуда. Жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге «Даму» Қорына бөлінген. «Жібек жолы» Бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылдың 04.08-не:
*жалпы сомасы 4 млрд. теңге 66 жоба қаржыландырылды. 818 жұмыс орны сақталды, тағы да 202 бірлік жұмыс орнын құру жоспарланған. Бірінші кезеңге қатысушылардан реворверлік негізде қайтарылған қаражат есебінен (2015 ж) құны 2,2 млрд теңгелік 37 жобаға қосымша қолдау көрсетілді.

Алматы қаласы әкімдігінің
баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз