Таза су келіп қуанған ауылдастар

Атап айтсақ, инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында Алматы облысы Панфилов ауданының  Алмалы, Пенжім, Лесновка, Ақжазық  ауылдарының су жүйелерінің құрылысы мен қолданыстағыларын қайта жаңарту нысандарына несие ретінде қаржылар бөлініп, оған 2016 жылдың маусым-тамыз айларында «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-сімен «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» электрондық конкурстар өткізіп, жеңімпаз мердігер мекемелер анықталған болатын.

Бұл нысандардың тапсырыс берушісі болып Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Панфилов су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны белгіленген. Бүгінгі таңда нысандарға несие ретінде Ұлттық қордан бөлінген 1267388,0 мың теңге қаржы игеріліп, Лесновка мен Ақжазық ауылдарының тұрғындары сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Ал қалған екі ауылдағы су жүйелерінің нысандарында құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда.
1. Өткен жылы ашық конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алудың қортындысы негізінде Ақжазық ауылының су жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғырту нысанына бас мердігер Шонжы ауылындағы «Теплоремстрой» ЖШС жеңімпаз болып танылып, тапсырыс беруші Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық «Панфилов Су құбыры» МКК-ның арасында мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалды. Келісімшарттың жалпы сомасы 176400,0 теңгені құрады. Ауылдағы су жүйесінің жалпы ұзындығы — 9358 шақырым.
Бүгінгі күнде нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, 2017 жылдың 05 шілдесінде мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданып алынды. Ақжазық ауылының 1573 тұрғыны сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Ауыл адамдарының қуанышында шек жоқ.
2.2016 жылғы шілде айында өткізілген электрондық конкурстың қорытындысына сәйкес, Лесновка ауылының су жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғыртылуы нысанына бас мердігер Алматы қаласындағы «КиікбайСтройСервис» ЖШС жеңімпаз болып танылып, тапсырыс беруші Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық «Панфилов Су құбыры» МКК-нің арасында мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалынды. Келісімшарттың сомасы 331288,108 теңгені құрады. Ауылдағы су жүйесінің ұзындығы — 18400 шақырым.
Бүгінгі күнде нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, 2017 жылдың 29 маусымдағы мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданып алынды. Лесновка ауылының 2224 тұрғыны сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді.
3. Былтыр 20 шілдеде бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қортындылары негізінде Пенжім ауылы су жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғыртылуы нысанына бас мердігер Алматы қаласындағы «Құрылысшы» ЖШС жеңімпаз болып танылып, тапсырыс беруші Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық «Панфилов Су құбыры» МКК-ның арасында мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалынды. Келісімшарттың сомасы 356160,0 теңгені құрады.
Бүгінгі күнде 2016-2017 жылдар аралығында игерілген қаржының жалпы көлемі 297651,872 теңгені құрады. Ауылдағы су жүйесінің ұзындығы — 33072 шақырым.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша құрылыстың аяқталу мерзімі 2017 жылы 30 шілдеге белгіленген болатын, қыс мезгіліндегі кедергілерге байланысты 2017 жылдың 17 шілдесінде қосымша келісімшарт жасалынып, құрылыстың қолданысқа беру мерзімі 30 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бүгінгі күнде аталған нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда.
4. Өткен жылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде Алмалы ауылы су жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғыртылуы нысанына Алматы қаласындағы бас мердігер «Данияр-С.Е.К.» ЖШС женімпаз болып танылып, тапсырыс беруші Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық «Панфилов Су құбыры» МКК-ның арасында мемлекеттік сатып алу келісімшарт жасалынды. Келісімшарттың сомасы 231380,905 теңгені құрады. Бүгінгі күнде 2016-2017 жылдар аралығында игерілген қаржының жалпы көлемі 205202,638 теңгені құрады. Бүгінгі күнде аталған нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда.

Көшелері жап-жарық ауылдар

Панфилов ауданында «Елді мекендерді жарықтандыру» бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында Жаркент қаласының Уәлиханов, Қонаев, Жансүгіров, Абай, Білә Назым, Илахунова көшелеріне көше жарығын орнату жұмыстарына облыстық бюджеттен 131142,670 мың теңге қаржы бөлінді, оған 2017 жылдың наурыз-сәуір айларында электрондық конкурс өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталған болатын. Ол Алматы қаласында орналасқан «НАЗ» ЖШС, бұл нысанның тапсырыс берушісі болып «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленген.
Үстіміздегі жылдың 17 сәуірінде «НАЗ» ЖШС мен «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасында 130520,320 мың теңгеге келісімшарт жасалынды. Оған сәйкес «НАЗ» ЖШС 2017 жылдың мамыр-шілде айларында жоғарыдағы аталған көшелерде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, Уәлиханов көшесіне 141 баған, Қонаев көшесіне 84 баған, Жансүгіров көшесіне 88 баған, Абай көшесіне 106 баған, Біләл Назым көшесіне 53 баған, Илахунова көшесіне 55 баған орнатып, нысанды 2017 жылдың 28 шілдесінде пайдалануға берді. Жаркент қаласының 6 көшесіне 527 баған жарықшамымен орнатылып, жалпы ұзындығы 17,6 шақырым электр желісі тартылды, 6 көше толығымен жарықтандырылды.

Панфилов ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласын  іске асыру бойынша ауданда 34 адамнан құралған комиссия құрылды. Комиссия 6 бағытта топ құрып, жұмыстар  жүргізуде.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы ісқағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Бағдарлама бойынша ауданымызда арнайы жоспарлар жасалынып, ақын, жазушылар және зиялы қауымдар арасында «Бар қазақтың басын қосатын жазу» атты кездесу кеші, «Қазақстанның келешектегі кемел жазуы» атты дөңгелек үстел өткізу жоспарланды. Аталған бағыт бойынша аудан әкімдігі аппарат қызметкерлері және бөлім басшылары жұмылдырылып, аудандық «Жаркент өңірі» газетінің бас редакторы баяндама жасап, талданды. Әр ауылдық округтерде, округ әкімі аппараты мамандарының ұйымдастыруымен аталған тақырыпты талқылап, ой-пікір алмасу мақсатында округ жастарымен 27 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аудан тұрғындарының пікірін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, қортындыланды.
Тақырыпты талдау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Әліпби — ұлттық сананың құралы» атты жастар арасында дебат өткізілді. Дебат-пікірсайысында округ жастарынан құрылған командалар қатысып, дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған 6 бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар аудандық «Жаркент өңірі» газетінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша 96 мақала жарияланды. Сонымен қатар ауданда қоғамдық келісім кеңесі, ҮЕҰ-дар және этномәдени орталықтарының мүшелері, мәслихат депутаттары 7 семинар, 49 кездесу, 20 дөңгелек үстел өтікізді.
Әлеуметтік желілер — «Вконтакте» және «instagram»-ға 4 мақала берілді.
Ауданда «Рухани жаңғыру» бойынша Жаркент қаласында 3 билборд, ауылдық округтерде 7 билборд орнатылған. Барлығы: 10 билборд.
«Туған жер» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан «Туған жерге тағзым» жобасы бойынша Жаркент қаласының жоғарғы бөлігінде орналасқан Б.Зайнаудинов атына ашылған жаңа көшеге жеке кәсіпкер А.Шардинов 27 млн. тг. шағыл төсеп, асфальт салып берді.
Орбұлақ шайқасы өткен жерге шайқастың ұлы жеңісіне 375 жыл толу қарсаңында Б.Нұржекеев пен Бекет Тұрғараұлының бастамасымен жоңғарлармен айқаста әскербасы болған Салқым Жәңгірге Бекет Тұрғараұлының 10 млн. тг. жеке қаражатына ескерткіш белгі тас қойылып, маңы 250 метр жер темір қоршаумен қоршалды.
Аудандық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Ә.Хожамбердиев 1 млн. теңгеге Қырыққұдық ауылындағы Жаркент орта мектебінің спорт залы, акт залы және бір кабинетіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.


Білім саласынан қысқаша мәлімет
Ауданда 66 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, олардың 13-і мемлекеттік балабақшалар, 19-ы жекеменшік, 18-і шағын орталық (тамақпен), 16-сы қысқа мерзімді топтар (3 сағаттық).
Балабақшаларда — 2750, оның ішінде мемлекеттік балабақшаларда —1550, ал жекеменшік балабақшаларда — 1180, шағын орталықтарда 1345 бала тәрбиеленуде. Барлығы — 4070 бала.
Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 28 балабақша, ондағы бала саны — 2355,оның ішінде 8 шағын орталық, ондағы бала саны — 240, 16 қысқа мерзімді топ, ондағы бала саны — 345. Барлығы — 2940.
Аудан бойынша 0-7 жас аралығындағы балалар саны — 19569, оның қазақ ұлты — 12461, орыс ұлты — 1612, басқа ұлттар — 5496. Қалада — 6033, ауылда — 13536. Оның ішінде 3-6 жас аралығындағы балалар саны — 4350 бала. Қалада — 2080, ауылда — 2320, мектепке дейінгі мекемелермен қамтылған балалар саны — 4070, бала қамту 95,4 пайызды құрады.

Р.Қарабалаева,
Алматы облысы,
Панфилов ауданының білім бөлімінің әдіскері


Спортқа деген зор қамқорлық 

Қоңырөлең ауылдық округінің бас маманы Алимов Нұрланның бастамасымен және жалпы ауыл тұрғындарының демеушілігімен Қоңырөлең ауылында «Арай» спорт алаңының (үлкендерге, балаларға арналған футбол алаңдарын қосқанда) бүгінгі күнде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Үлкеншыған ауылдық округіне қарасты Кішішыған мен Үлкеншыған ауылының ортасынан «Шапағат» жеке кәсіпкердің қолдауымен жүзу бассейндері, биік дуалмен қоршалған шағын футбол алаңы, спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде. 2018 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Жаркент қаласындағы №6 орта мектебіне «Рі-Grupр»ЖШС демеушілік көрсетіп, қазіргі заман талабына сай шағын футбол алаңын салып берді. Бүгінгі күнде жеткіншектер өз шеберліктерін шыңдап, футбол ойынын дамытуда.
Жаркент қаласынан жеке кәсіпкерлеріміз Төлебаев Марат және Жаңабаева Меруерт жасанды шөп төсеніш төселген шағын футбол, резина төсенішімен баскетбол, волейбол алаңын ашып, аудан тұрғындарының спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасап отыр.
Алтынкөл станциясы басшылығының қолдауымен күрес залы ашылып, спортқа қажетті спорттық жабдықтармен толық қамтылып, бүгінгі күнде 60-қа жуық жас спортпен айналысуда.
Оған қоса аудан әкімінің қолдауымен және демеушілерді тарту жолымен Жаркент қаласында 3 (үш) балалар спорттық алаңы салынып, қолданысқа берілді.
2016 жылы Бірлік ауылдық округіне қарасты Шежін ауылына «МаксДорСтрой сервис-21» ЖШС-нің қолдауымен шағын футбол алаңын салып, ел игілігіне берілді.
Ұлттық ат спорты федерациясының жұмысын ауыз толтырып айтуға болады. Аталған федерация мүшелерінің бастамасымен және ауданның атқұмар азаматтарының арқасында ауданымызда Көктал, Сарыбел, Бірлік, Басқұншы, Үшарал, Талды ауылдық округінде ұлттық ат спорты көкпар алаңы және атшабар алаңдары ашылып, ретке келтірілді. Бүгінгі күнде республикалық, облыстық, аудандық деңгейде жарыстар ұйымдастырылып өткізілуде.
Панфилов ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімі

Материалдарды дайындаған — Асым Сулайманов

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз