*Сіз Хазіреті Адам пайғамбар сияқты 200 жыл бойы тәубе еттіңіз бе?
*Сіз Хазіреті Ибраһим сияқты отқа тасталдыңыз ба?
*Хазіреті Жүсіп сияқты құдыққа тасталдыңыз ба?
*Жүніс Пайғамбар сияқты теңізге лақтырылдыңыз ба?
*Аюп Пайғамбар сияқты бүкіл денеңізді ауру басты ма?
*Біләл (р.а.) сахаба секілді қызып тұрған құмға жатқызылып, үстіңізге тас қойылды ма?
*Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) сияқты Таип қаласында тас боранға ұрындың ба?
*Сенің сәждеге бас қойған кезіңде жаңа сойылған түйенің ішек-қарыны басыңа кигізілді ме?
*Саған тас атылып, тісің сынды ма?
*Ел-жұртыңа сыймай, басқа елге көшіп кеттің бе?
*Жақын адамдарыңнан айырылдың ба?
*Хазіреті Хамза секілді құлағың, мұрның кесілді ме?
*Әммар, Суммәя, Ясир сияқты сахабалардың басына келген қиыншылық саған келді ме?
*Ендеше, бауырым, сіздің бүгінгі қиыншылығыңыз бұл қиыншылықтардың жанында түк те емес.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз