Сауд Арабиясы королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд әйелдерге көлік жүргізуге құқық беретін жарлыққа қол қойды. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі Twitter-дегі ресми парақшасында мәлімдеді. СІМ хабарламасында: «Корольдің жарлығы: жол қозғалысы қызметі корольдікте әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат етеді», — деп жазылған. Король әйелдерге автокөлік жүргізуге құқық беретін шараларды пысықтау үшін ІІМ, қаржы министрлігі, еңбек және әлеуметтік даму министрлігі өкілдерінен комиссия құруға бұйрық берді. Әлемде ең кертартпа ел саналатын Сауд Арабиясы көптеген салада әйелдердің құқығын шектейді. Дегенмен соңғы кездері әйелдерді тасымалдауға мәжбүр еркектердің уақытын үнемдеу үшін нәзік жандарға көлік жүргізу құқығын беруді жақтайтындар көбейген. Имамдардың бірі әйелдердің «ақыл-ой қабілеті шектеулі» болғандықтан, көлік жүргізуді сеніп тапсыруға болмайды деп мәлімдеген еді. Алайда, билік оны осы сөзінен кейін діни қызметтен біржола шеттетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз